Келісімге қол қою

Келісімге қол қою

2024 жылғы 19 наурызда «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» ММ мен «QAZAQMETAL KASIPODAGY» Қазақстандық салалық тау-кен металлургиялық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық ұйымының кеңесі арасында облыс кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек заңнамасы мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіппен шешу жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған еңбек заңнамасының нормаларын насихаттау жөнінде Тараптардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, облыстық Кеңестің төрағасы Литошенко Михаил Александрович басқарма басшысы мен қызметкерлеріне 20 жылдық ынтымақтастық үшін Алғыс хат табыс етті.