«KIOSH 2023»

«KIOSH 2023»

24-26 мамыр аралығында Қостанай облысының еңбекин спекциясы басқармасының басшысы Темірхан Теман Темірханұлы Астана қаласында өтіп жатқан «KIOSH 2023» еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 11-ші Қазақстандық халықаралық конференция мен көрмег еқатысты.

Осы жылдар ішінде KIOSH заңды түрде Қазақстандағы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша негізгі мамандандырылған алаңға  айналды.

Шараны өткізудің арқасында 2022 жылы Министрлік, «Самұрық-Қазына» қоры және Жаһандық елші Vision Zero арасында отандық компаниялардың тәжірибесінде Vision Zero нөлдік жарақат тұжырымдамасының қағидаттарын ілгерілету мақсатында меморандумға қол қойылды, бұл қазақстандық кәсіпорындарда нөлдік жарақатқа қолжеткізуді тездететіні сөзсіз.

Дәстүр бойынша «KIOSH 2023» аясында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандарына арналған конференция, көрме, панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен тренингтер,
B2B кездесулері және жұмыс берушілер арасында қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша «Сенім» байқауы өтеді.

Екі күнге созылатын конференцияда еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы негізгі мәселелер белгіленіп, осы салалардың әрқайсысы бойынша мәселелер бөлек арналған күн ішінде талқыланады. Сессиялар барысында келесі негізгі мәселелер талқыланады:

  • Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті – белсенді құралдарды пайдаланудың негізгі көрсеткіштері мен тәжірибелері;
  • Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың цифрлық болашағы;
  • Жарақаттардың алдын алу және болдырмау;
  • Өндірістік медицина және еңбек гигиенасы;
  • Өнеркәсіптік секторлардағы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша инновациялық шешімдер;
  • Көлік-логистикалық объектілердің өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздігі;
  • Қауіпсіздік мәдениетінің корпоративтік стратегиялары.

Көрме дәстүрлі түрде жеке қорғану құралдарын, тоқыма бұйымдарын, жабдықтар, медициналық қызметтер, оқу қызметтерін, кеңес беру, ғылым және тағы басқа тауарлар мен қызметтердің кең ауқымын көрсетеді.

Сондай-ақ көрме аясында еңбекті қорғау және қауіпсіздік мамандарына арналған бірқатар оқыту семинарлары мен шеберлік сабақтары өткізіледі.