Қостанай облысы бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санын 50% және одан да көп төмендету мәселесі бойынша кеңес.

Қостанай облысы бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санын 50% және одан да көп төмендету мәселесі бойынша кеңес.

Ағымдағы жылғы 27 желтоқсанда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және жергілікті атқарушы органдардың жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санының төмендеуіне және өңірлерде әлеуметтік шиеленістің туындауына жол бермеу жөніндегі өзара іс-қимыл алгоритмін орындау мақсатында, Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалымен бірлесіп Қостанай облысы бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың санын 50% және одан да көп төмендету мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың санын азайту фактілері тіркелген кәсіпорындар шақырылып, тыңдалды.

Оның барысында, көрсетілген фактілердің пайда болуына ықпал ететін себептер мен мән-жайлар нақтыланды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды төлеу тәртібі, тетіктері, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктемелер берілді.