ЖАЛАҚЫНЫ КЕШІКТІРГЕН ЖАҒДАЙДА ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

ЖАЛАҚЫНЫ КЕШІКТІРГЕН ЖАҒДАЙДА ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

ЖАЛАҚЫНЫ КЕШІКТІРГЕН ЖАҒДАЙДА ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жалақыны айына кемінде бір рет және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей төлеуге міндетті.

Жалақы кешіктірілген жағдайда жұмыс беруші берешекті толық өтеуге және әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл төлеуге тиіс. Сондай-ақ қызметкерге жалақының құрамдас бөліктері мен ұсталымдары туралы есеп парағы берілуі қажет.

Жалақы уақытында төленбеген жағдайда қызметкер жұмыс берушіге, мемлекеттік еңбек инспекциясына, оның ішінде «e-Өтініш» жүйесі арқылы жүгіне алады. Заңнамада жалақыны уақтылы төлемеген жұмыс берушіге әкімшілік жауапкершілік те көзделген.

Сонымен қатар, жалақыны төлемеу еңбек шарты талаптарының бұзылуына әкеп соққан жағдайда, қызметкер заңда белгіленген тәртіппен еңбек шартын бұзуға құқылы.

https://www.instagram.com/reel/DdDgFsuuxs-/?stkn=MTljMXY4ZDdtNXlhOA==