ОҢАЛТУ КӨМЕГІ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРГЕ ҚАРАМАСТАН ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУҒА ТИІС

ОҢАЛТУ КӨМЕГІ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРГЕ ҚАРАМАСТАН ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУҒА ТИІС

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға қажетті оңалту көмегін қолжетімді ету және заманауи инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Жаңа оңалту орталықтарында азаматтар үйіне жақын жерден қажетті қызметтерді ала алады. Мұнда оңалтудан өтуге, мамандардың көмегін алуға және заманауи құрал-жабдықтарды пайдалануға мүмкіндік жасалмақ.

 

Қазір жаңа орталықтарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және олардың жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөлінуде. Орталықтардың қызметі тұрақты бақылауда болады.

 

Мұндай орталықтарды дамыту еліміздің барлық өңірінде мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары үшін оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

 

Жоба туралы толық ақпаратты бейнероликтен көре аласыздар.

https://www.instagram.com/reel/Db3E-JXAB5x/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==