
2026 жылғы 28 мамырда Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Е. Тасжурековтың төрағалығымен облыстың кәсіподақтарымен, кәсіпорындарымен және ұйымдарымен, оның ішінде құрылыс компанияларымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында өндірістік жарақаттану мәселелері талқыланып, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты шаралар қабылданды.
Кеңеске 50-ден астам адам қатысты.