2026 жылғы 1 тоқсандағы еңбек саласындағы жағдай туралы

2026 жылғы 1 тоқсандағы еңбек саласындағы жағдай туралы

2026 жылғы 21 сәуірде Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2026 жылғы 1 тоқсандағы еңбек саласындағы жағдай туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерманов Талант Талғатұлы сөз сөйледі.

Брифинг барысында еңбек саласының өзекті мәселелері қаралды, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған қызметтің басым бағыттары белгіленді.

Ұжымдық шарттарды цифрландыру, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (БЖТҚБ) еңбек шарттарын жасасу, профилактикалық бақылау жүргізу, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамтуды кеңейту, кәсіптік тәуекелдерді бағалау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.