
2026 жылғы 18 наурызда еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы Сеитова Д.Г. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК-да Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шара аясында колледждің студенттері мен қызметкерлеріне қолданыстағы еңбек заңнамасының негізгі ережелері түсіндіріліп, еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары жеткізілді. Еңбек қатынастарын рәсімдеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимін сақтау, еңбекақы төлеу, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жүргізілген жұмыс профилактикалық сипатқа ие болып, еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға және еңбек саласында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.