Жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуын болдырмау жолдары

Жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуын болдырмау жолдары

2021 жылдан бастап HR.enbek.kz порталында «Онлайн еңбек консультанты» сервисі жұмыс істейді. Ол әрбір жұмыс берушіге еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша өзін-өзі алдын ала тексеруге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тексеруден өту үшін «Онлайн еңбек консультанты» жүйесінде тіркелу талап етілмейді. Ресурс ұйымның нақты атауын, дербес деректерді сұрамайды және толық анонимді болып табылады. Тексеруден кез-келген шартты атауды енгізу арқылы өтуге болады.
Сервис жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының қыр-сырын түсінуге арналған, сондай-ақ ұйымның құжаттамасы құқықтық нормаларға сәйкес келетіндігін анықтауға көмектеседі.
Тексеру аяқталғаннан кейін жүйе жауаптарды талдап, сәйкессіздіктер тізімі көрсетілген қорытынды жасайды немесе өзін-өзі тексерудің сәтті өткенін хабарлайды.
Егер еңбек заңнамасы бойынша бұзушылықтар анықталса, жұмыс берушіге оларды жою үшін ұсынымдар берілетін болады. Бұзушылықтар жойылғаннан кейін өзін-өзі тексеруден қайта өтуге болады.