
ҚР Еңбек кодексінің 73-бабына сәйкес ауысымдық жұмыс кестесі өндірістік процестің ұзақтығы немесе жұмыс берушінің өндірістік қызметінің режимі күнделікті жұмыстың нормативті ұзақтығынан асатын жағдайларда белгіленуі мүмкін.
Еңбек заңнамасына сәйкес «ауысымдық жұмыс» - қызметкерлердің тәулігіне екі, үш немесе төрт ауысыммен жұмыс істеуі.
Жұмыс ауысымының максималды ұзақтығы 12 сағаттан аспауы керек.
Жұмыс уақытын заңсыз асырған жағдайда жұмыс беруші «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 89-бабына сәйкес жауапты болады.