
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кеңес өтті.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев баяндама жасады. Өз баяндамасында кеңесте ол жаңа Конституцияның жобасы қоғамның өзекті қажеттіліктерін ескере отырып әзірленгенін жеткізе отырып, әлеуметтік-еңбек саласына қатысты құжаттың негізгі бөліктеріне егжей-тегжей тоқталып өтті.
Кеңеске онлайн форматта Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Т. Т. Ерманов және Департамент қызметкерлері қатысты.