2025 жылғы 10 маусымда "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ және полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Қостанай мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытты мас күйінде пайда болуына, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес тұтынуына, сондай-ақ көлік құралдарын мас күйінде басқаруға жол бермеу жөніндегі шаралар туралы профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне сәйкес мінез-құлық нормаларын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.