Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан не үшін сақтандыру керек?

Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан не үшін сақтандыру керек?

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 182-бабының 2-тармағының  14-тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті.

Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 230-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы айыппұл салуға әкеп соғады:

- жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш;

- лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс АЕК;

- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз АЕК;

- ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың АЕК мөлшерiнде айыппұл.

Кодекстің 122-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырмашылықты өтеуге міндетті.

Сақтандыру тәртібі «қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 07 ақпандағы №30 –lll ҚР Заңында айқындалған.

Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтанушы мен сақтандырушы арасында еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін қызметкердің пайдасына жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы кәсіптік тәуекел сыныбына және персонал санатына байланысты экономикалық қызмет түрлері бойынша сараланған сақтандыру тарифтері негізінде айқындалады.