Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

 Өнеркәсіп. Облыс кәсіпорындарында 905,1 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі 107,2% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 119,9% құрайды. Шоколадтан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі мен қант 10,9%, ұн – 18,0%, нан ­– 2,7%, өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын – 1,9%, ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар – 22,2%, жеңіл автомобильдер 59%, 10 және одан да көп адамды тасымалдайтын көлік 72,2%, жүк автомобильдері 5,5 есеге артты.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және желдетілген ауамен жабдықтауда нақты көлем индексі 109,3% құрады.

Сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жоюда, ластануды жою бойынша қызметтерде нақты көлем индексі 112,9% құрады.

Кәсіпкерлікті қолдау картасына (III бесжылдық аясында) 3,8 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, жалпы сомасы 407,4 млрд теңгеге 13 жоба енгізілді. Ағымдағы жылы құны 5,5 млрд. теңгені құрайтын 3 жобасы іске асырылатын болады, 245 жаңа жұмыс орнын ашылады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімділігі 169,9  млрд теңге құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда     105,8% құрады.

Ірі қара мал басы 2,5%, оның ішінде сиыр – 3,8%,  қой – 2,0%, ешкі – 2,5%, шошқа – 1,8%, жылқы – 5,1%, құс – 2,4%  артты.

69,5 мың тонна ет, 350,2 мың тонна сиыр сүті, 446,9 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің 51 086 бірлігі жұмыс істейді, нақты көлем индексі 93,4% құрады.

 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 149,6 мың. адамды құрады, бұл 2019 жылдың 1 сәуірге қарағанда 2,1% кем.

2020 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 212,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 118,6%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 197,8 млрд. теңге немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 116% құрады.

Инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың өз қаражаты құрайды – 65,0%.

Инвесторлар үшін өнеркәсіп (инвестициялардың жалпы көлемінен 42,4%), ауыл шаруашылығы (17,8%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,9%) сияқты салалар сұранысқа ие.

Құрылыс жұмыстары. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 75,4 млрд. теңге құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 17%  артық.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 251,3 м.ш. метр немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 108,6% тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бағалар. 2020 жылғы шілдедегі инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы тамызда 2019 жылғы желтоқсанға салыстырғанда 104,4% құрады.

Азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 7,1%, азық-түлік емес тауарларға 3,1%, ақылы қызметтерге 1,9% көтерілді.

Тұрмыс деңгейі. Облыс кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2020 жылғы қаңтар-маусымда 160 658 теңгені немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 117,4% құрады.

Қаржы. Мемлекеттік бюджетке 124,2 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға қарағанда 97,5% артық).

Республикалық бюджет 56,2 млрд. теңге сомасында орындалды немесе болжамға қарағанда 90,3% (2019 жылға қарағанда 85,4%).

Жергілікті бюджет 104,5% орындалды, 68,0 млрд теңге түсті, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 24,5% артық.