Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

 Өнеркәсіп. Облыс кәсіпорындарында 777,5 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі 106,5% құрады.

Тау-кен өнеркәсібінің нақты көлем индексі 94,0% құрады. Теміркенді қойыртпалары өндірісі 16,2%, асбест – 2,8% артты.

Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 118,9% құрайды. Шоколадтан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі мен қант 12,0%, ұн – 18,5%, шұжық өнімдері – 12,1%­, нан ­– 2,2%, өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын – 1,5%, ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар – 29,0%, жеңіл автомобильдер 1,6 есе, 10 және одан да көп адамды тасымалдайтын көлік 35,5%, жүк автомобильдері 8,6 есеге артты.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және желдетілген ауамен жабдықтауда нақты көлем индексі 110,7% құрады.

Сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жоюда, ластануды жою бойынша қызметтерде нақты көлем индексі 112,6% құрады.

Кәсіпкерлікті қолдау картасына (III бесжылдық аясында) 3,8 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, жалпы сомасы 408,2 млрд теңгеге 13 жоба енгізілді, оның ішінде 2020 жылы құны 5,5 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны іске асыру, 245 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімділігі  117,2  млрд теңге құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда     102,0% құрады.

Ірі қара мал басы 2,1%, оның ішінде сиыр – 3,8%,  қой – 2,0%, ешкі – 2,5%, шошқа – 1,0%, жылқы – 5,2%, құс – 3,3%  артты.

61,9 мың тонна ет, 325,4 мың тонна сиыр сүті, 383,0 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің 51 100 бірлігі жұмыс істейді, нақты көлем индексі 93,9% құрады.

 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 149,6 мың. адамды құрады, бұл 2019 жылдың 1 сәуірге қарағанда 2,1% кем.

2020 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 212,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 118,6%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 162,3 млрд. теңге немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 113,8% құрады.

Инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың өз қаражаты құрайды – 67,0%.

Инвесторлар үшін өнеркәсіп (инвестициялардың жалпы көлемінен 40,7%), ауыл шаруашылығы (18,8%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (15,9%) сияқты салалар сұранысқа ие.

Құрылыс жұмыстары. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 59,5 млрд. теңге құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 14,3%  артық.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 208,1 м.ш. метр немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 108,4% тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сауда. Бөлшек сауда көлемі 184,3 млрд теңге немесе 2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 97,0% құрады.

Көтерме сауда айналымы 349,7 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 92,7%.

Бағалар. 2020 жылғы мамырдағы инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы шілдеде 2019 жылғы желтоқсанға салыстырғанда 104,2% құрады.

Азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 7,2%, азық-түлік емес тауарларға 2,6%, ақылы қызметтерге 1,8% көтерілді.

Тұрмыс деңгейі. Облыс кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2020 жылғы қаңтар-аусымда 160 658 теңгені немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 117,4% құрады.

Қаржы. Мемлекеттік бюджетке 97,5 млрд теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға қарағанда 94,6% артық).

Республикалық бюджет 39,8 млрд теңге сомасында орындалды немесе болжамға қарағанда 82,5% (2019 жылға қарағанда 77,8% артық).

Жергілікті бюджет 105,3% орындалды, 57,7 млрд теңге түсті, бұл  2019 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 27,3% артық.