Департамент түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Департамент түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Бүгін, 2022 жылғы 23 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Искендиров Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Асхат Искендеров Басқарма қызметкерлерін мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы өзгерістер туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және шығу мәселелеріне, оның ішінде Әдеп кодексіне, тәлімгерлік, сынақ мерзімінен өту қағидаларына және тәртіптік жазалар қолдану қағидаларына қатысты жаңашылдықтармен таныстырды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарды келісу, ротациялық төлемдер, қашықтықтан жұмыс, икемді кесте, келісімшарт қызметі және т.б. алдағы өзгерістер туралы хабардар етті.

Айта кету керек, бұл кездесулер мемлекеттік қызметшілердің ықтимал проблемалық мәселелерін анықтау мен шешу мақсатында өткізіледі.