Ерікті ұлттық шолуды талқылау және Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) басым міндеттерін айқындау бойынша өткізілген семинарларға ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ерікті ұлттық шолуды талқылау және Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) басым міндеттерін айқындау бойынша өткізілген семинарларға  ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ағымдағы жылдың 17 және 18 наурызы Қостанай қаласында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы) қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін ТДМ ұлттандыру және оқшауландыру мәселесі бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Е.С. Каримов және Хатышылықтың жетекші сарапшысы Д. Гафятуллина Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарының жобасына және тұрақты даму саласындағы Қазақстанның екінші Ерікті ұлттық шолуының жобасына презентация жасады. Жұмыс процесінде интерактивтік пікірталас, практикалық жұмыс, Қазақстан үшін басым ТДМ бойынша дауыс беру, сондай-ақ «Миссия 2030» іскерлік ойыны өткізілді, онда әрбір қатысушы өз ойын ашық білдірді.

Жұмысқа жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, азаматтық қоғам басшылары тәуелсіз сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, жеке сектор өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Дауыс беру мен «Миссия 2030» іскерлік ойынының қорытындылары бойынша басым тұрақты даму мақсаттары мен ерікті ұлттық шолулар айқындалды, олар ҚР Үкіметіне және одан әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының сессиясына қарауға ұсынылатын болады.