Жобалық Кеңсе

Жобалық Кеңсе

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмасына сәйкес, "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ базасында Қостанай облысы әкімінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №51-ө өкімімен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламаларын іске асырудың жобалық кеңсесі құрылды. Облыс бойынша бес базалық бағыт анықталды:
1. Адами капитал;
2. Инфрақұрылымды дамыту;
3. Кәсіпкерлік және индустрия;
4. Агроөнеркәсіптік кешен;
5. Мемлекеттік сектор, мемлекеттік қызметтер және қауіпсіздік.
Бүгінгі таңда жобалық кеңсенің құрамында 15 басқарма мен 3 департаменттен жауапты орындаушылар анықталды. Ұлттық жобалық кеңсеге бірыңғай жобалық кросс-платформаны тиімді және нәтижелі пайдалану үшін есептік жазбаларды құру үшін қызметкерлердің тізімі ұсынылды. Жобалық басқаруды дамыту орталығының базасында апта сайын ZOOM арқылы онлайн режимінде SCRUM-кездесулер өткізіледі.
Бүгінгі таңда EasyProject жобалық басқарудың ақпараттық жүйесін "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының іс-шараларымен толтыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жүйеде паспорттар мен жарғыларды толтырумен Жол картасының 319 жобасы қосылды.
Қостанай облысының жобалық кеңсесі Жол картасының 274-тармағын (3500-ден астам ауылды жаңғырту) толтыру бойынша шаблон әзірлегендігін атап өту қажет, бұл республиканың басқа өңірлеріне жүйені қажетті ақпаратпен дұрыс және тез толтыруға мүмкіндік берді. Біздің облысымыз назардан тыс қалмады, таяуда Ұлттық жобалық кеңсенің Youtube арнасында вебинар өткізіліп, онда біздің басқарма қызметкерлері спикер ретінде сөз сөйлеген болатын (вебинарға сілтеме https://youtu.be/yDJCTU3M9ko ).