EGov mobile мобильді қосымшасы

EGov mobile мобильді қосымшасы

Қосымша халыққа смартфондар арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистер көрсетуге арналған «Мобильді үкімет» ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылады.

Бүгінгі таңда қосымшада ең сұранысқа ие 93 қызмет пен 4 сервис қолжетімді.

Қосымшаны Playmarket, AppStore және AppGallery-ден жүктеуге болады. Бүгінгі таңда жүктеулердің жалпы саны шамамен 4,5 млн.құрайды, ағымдағы жылдың басында 3,4 млн., ал 2020 жылы 9 млн. - нан астам қызмет көрсетілді. Мобильді азаматтар базасында шамамен 10 млн. пайдаланушы тіркелген.

Бағдарламаны пайдалануды бастау оңай. Сізге тек eGovmobile бағдарламасын қолданбалар дүкенінен жүктеу керек. Авторизациялау бетінде « Тіркеу»  батырмасын басу, ұялы телефон нөмірін көрсету, жеке басын биометриялық сәйкестендіруден өту (селфи жасау), бірнеше тексеру сұрақтарына жауап беру, электрондық пошта мекенжайын көрсету және болашақ ЭЦҚ үшін пароль ойлап табу, жылдам қол жеткізу кодын орнату және қаласаңыз, ЭЦҚ-ны touchid/faceid байлау қажет.

Осылайша, бірнеше минут ішінде пайдаланушы тіркеуден өтеді және үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта ЭЦҚ алады.

Нәтижесінде Сіз ЭЦҚ шығарасыз, мобильді азаматтар базасында тіркелесіз және Сізге eGov порталындағы жеке кабинетте есепке алу жазбасы жасалатын болады.

«Профильде»  отбасы, жеке құжаттар, әлеуметтік мәртебе туралы мемлекеттікдеректер қорынан алынған жеке ақпарат, заңды тұлғаға қатысу туралы ақпарат, авто және жылжымайтын мүлік туралы ақпарат және т. б.  көрсетіледі.

Сондай-ақ, бейінде ЭЦҚ қолданылу мерзімі туралы ақпарат қолжетімді, төлем карточкасын байланыстыруға, қосымша өлшемдерін өзгертуге, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптармен танысуға және қолдау қызметінің байланыстарын табуға болады.

ЭЦҚ алғаннан кейін пайдаланушыға мобильді қосымшаның барлық функциялары қол жетімді болады.

«Танымал қызметтер» бөлімінде барынша талап етілетін  анықтамалар көрсетілген,  қызметтердің толық тізіммен «Барлық қызметтер» сілтемесі бойынша өту арқылы немесе «Қызметтер каталогы» бөлімінде танысуға болады. Онда Сіз «Тапсырыс тарихын» көре аласыз.

Сонымен қатар қосымшада QR-код сканері қолжетімді, оның көмегімен цифрлық құжаттарға үшінші тұлғаларға қолжетімділік беруге, порталда авторизациялануға, қызметтерге қол қоюға, ХҚКО бөлімшелерінде мемлекеттік бажды төлеуге болады.

«Сервистер» бөлімінде цифрлік құжаттар, денсаулық паспорты, электрондық еңбек биржасы, зейнетақы калькуляторы цифлық құжаттар ұсынылған. Бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен деректер алу арқылы қағаз құжатттың электрондық нұсқасын жасауға мүмкіндік беретін сервис.  Қазіргі уақытта қосымшада 13 құжат қолжетімді:

  1. Жеке куәлігі;
  2. Некені тіркеу туралы куәлік;
  3. Баланың туу туралы куәлігі;
  4. Атын, тегін, әкесінің атын қайта атау туралы куәлік;
  5. Некені бұзу туралы куәлік,
  6. Электрондық техникалық паспорт;
  7. Жүргізуші куәлігі;
  8. Covid-19 үшін ПТР тестілеу нәтижелері,
  9. Білімі туралы Диплом,
  10. Студенттік билет;
  11. Зейнеткер куәлігі
  12. Қандас куәлігі;
  13. SocId бірыңғай әлеуметтік құжаты.

Бұл қызмет азаматқа үшінші тұлғаларға өз құжаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар сандық құжаттарды pdf форматында мессенджерлер немесе пошта арқылы бөлісуге мүмкіндік береді.

Ол үшін «Цифрлық құжаттар» сервисінде қажетті құжатты таңдап,экранның төменгі жағындағы «Рұқсат» батырмасынбасу қажет. Сізде уақытша QR коды пайда болады, оны үшінші тарап өз қосымшасында QR код сканерін ашу арқылы есептей алады

Сондай-ақ, цифрлық құжаттардың көмегімен ХҚКО-да жеке куәлікті көрсетіп, әуежайда және теміржол вокзалында пойызға отырғызу кезінде тіркеуден өтуге болады.