Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

 

Өнеркәсіп. Облыс кәсіпорындарында 1 197,0 млрд. теңге сомасына өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі 106,9% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 119,3% құрады. Сары май 18,8% өндірісі артты, ұн – 17,6%, шұжық өнімдері – 9,9%, шоколадтан жасалған кондитерлік өнімдер – 4,8%, нан – 3,3%, өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын – 4,9%, ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар – 10,4%, жеңіл автомобильдер – 1,5 есе, 10 және одан көп адамды тасымалдайтын көлік –       2,3 есе, жүк автомобильдері – 3 есе, трактрлар – 1,7 есе.

Электр энергиясы, газ, бу, ыстық су, желдетілген ауамен жабдықтауда нақты көлем индексі 106,2% құрады.

Сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу, жоюда, ластануды жою бойынша қызметтерде нақты көлем индексі 112,8% құрады.

Кәсіпкерлікті қолдау картасына (III бесжылдық аясында) 3,8 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, жалпы сомасы 408,2 млрд теңгеге 13 жоба енгізілді. Ағымдағы жылы құны 5,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылатын болады, 245 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімділігі 515,1 млрд. теңге құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда     121,3% құрады.

Ірі қара мал басы 1,7%, оның ішінде сиыр 3,3%,  қой 2,0%, ешкі 2,4%, шошқа 3,4%, жылқы 5,1% ұлғайды.

85,2 мың тонна ет, 394,7 мың тонна сиыр сүті, 529,7 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің 51 766 бірлігі жұмыс істейді, онда (2020 жылғы 1 шілдедегі жаідай бойынша) 155,4 мың адам жұмыс істейді.

2020 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 5,2% өсіммен 453,6 млрд теңге құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 260,1 млрд. теңге немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,0% құрады.

Инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың өз қаражаты құрайды – 64,1%.

Инвесторлар үшін өнеркәсіп (инвестициялардың жалпы көлемінен 41,5%), ауыл шаруашылығы (16,8%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,0%) сияқты салалар сұранысқа ие.

Құрылыс жұмыстары. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі  119,2 млрд. теңге құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қазанға салыстырғанда 23,0%  артық.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 308,5 м.ш. метр немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,5% тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Көтерме сауда айналымы 559,7 млрд теңгені,  бөлшек сауда –   293,8 млрд. теңге.

Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы қазандағы 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,4% артық.

Азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 8,2% көтерілді, азық-түлік емес тауарлар – 4,2%, ақылы қызметтер – 2,9%.

Тұрмыс деңгейі. Облыс кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке 163 847 теңге немесе  2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 116,8% құрады.

Қаржы. Мемлекеттік бюджетке 158,9 млрд теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамнан 105,6% артық).

Республикалық бюджет 77,2 млрд теңге сомасында орындалды немесе болжаммен салыстырғанда 105,6% артық (2019 жылмен салыстырғанда      93,8% артық).

Жергілікті бюджет 105,6% орындалды, 81,7 млрд теңге түсті, бұл  2019 жылғы қаңтар-қазанға салыстырғанда 25,7% артық.