Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Қостанай облысының 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

 Өнеркәсіп. Облыс кәсіпорындарында 1 050,8 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі 106,9% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 119,3% құрады. Шоколадтан жасалған кондитерлік өнімдер мен қант 7,9% өндірісі артты, ұн – 20,4%, нан – 3,1%, өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын – 3,6%, ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар – 12,2%, жеңіл автомобильдер – 1,5 есе, 10 және одан көп адамды тасымалдайтын көлік – 1,2 есе, жүк автомобильдері – 4,1 есе.

Электр энергиясы, газ, бу, ыстық су, желдетілген ауамен жабдықтауда нақты көлем индексі 108,3% құрады.

Сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу, жоюда, ластануды жою бойынша қызметтерде нақты көлем индексі 112,5% құрады.

Кәсіпкерлікті қолдау картасына (III бесжылдық аясында) 3,8 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, жалпы сомасы 407,4 млрд теңгеге 13 жоба енгізілді. Ағымдағы жылы құны 5,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылатын болады, 245 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімділігі 330,3 млрд теңге құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,8% құрады.

Ірі қара мал басы 2,0%, оның ішінде сиыр 3,5%,  қой 2,0%, ешкі 2,5%, шошқа 2,7%, жылқы 5,1% ұлғайды.

78,8 мың тонна ет, 374,2 мың тонна сиыр сүті, 499,2 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің 51 365 бірлігі жұмыс істейді, нақты көлем индексі 93,3% құрады.

 2020 жылғы 1 шілдегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 155,4 мың адамды құрады, бұл 2019 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 1,4% кем.

2020 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 5,2% өсіммен 453,6 млрд теңге құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 234,1 млрд теңге немесе  2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,9% құрады.

Инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың өз қаражаты құрайды – 64,3%.

Инвесторлар үшін өнеркәсіп (инвестициялардың жалпы көлемінен 41,4%), ауыл шаруашылығы (17,2%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,3%) сияқты салалар сұранысқа ие.

Құрылыс жұмыстары. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 100,0 млрд теңге құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 17,7%  артық.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы  285,5 м.ш. метр немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,9% тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Көтерме сауда айналымы 489,2 млрд теңгені,  бөлшек сауда – 260,1 млрд теңге).

Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы қыркүйекте 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,5% артық.

Азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 7,1% көтерілді, азық-түлік емес тауарлар – 3,5%, ақылы қызметтер – 2,2%.

Тұрмыс деңгейі. Облыс кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2020 жылғы қаңтар-маусымда 160 658 теңге немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 117,4% құрады.

Қаржы. Мемлекеттік бюджетке 144,9 млрд теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамнан 105,1% артық).

Республикалық бюджет 69,7 млрд теңге сомасында орындалды немесе болжаммен салыстырғанда 104,2% артық (2019 жылмен салыстырғанда      93,5% артық).

Жергілікті бюджет 105,9% орындалды, 72,3 млрд теңге түсті, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 25,3% артық.