2025 жылдың 2-5 сәуірі аралығында Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қостанай облысына іс-сапары болды.
Сапар шеңберінде митрополит Александр Епархия храмдарында құлшылық шараларын, жергілікті православие шіркеуінің дін өкілдерімен кездесулер өткізді, сондай-ақ православие нысандарының құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, 3 сәуірде облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов митрополит Александрмен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде «Қостанай және Рудный епархиясының» қызметі, дін саласындағы облыстың жергілікті атқарушы органы мен өңірдің православиелік діни бірлестіктерінің одан әрі өзара әрекеттесуі туралы мәселелер талқыланды.