Өнімді жұмысқа арналған құралдар

Өнімді жұмысқа арналған құралдар

29 наурызда Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде терроризм мен діни экстремизм үшін сотталғандар арасында радикалды идеологияның алдын алу және анықтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Республикалық АТТ мүшесі М. Тұйғанов қатысушыларға сотталғандар арасында радикалды идеология белгілерін анықтау саласындағы жұмыстың тиімді әдістемелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында өңірдің пенитенциарлық мекемелерінің психологтарына арналған оқыту семинар-тренингі өткізілді.
Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты ҚАЖ қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру болды.
Қатысушылар аталған іс-шара тәжірибелі сарапшылардың аузынан құнды білім алуға, сондай-ақ жалған діни ұйымдарға тартылған адамдарды дерадикализациялау мен оңалтудың жаңа тәсілдері мен заманауи әдістемелері туралы білуге пайдалы мүмкіндік болғанын атап өтті.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлеріне күнделікті жұмыста қолдану үшін әдістемелік ұсынымдар берілді.