«Адалдық алаңы» кеңсесіндегі дөңгелек үстел

«Адалдық алаңы» кеңсесіндегі  дөңгелек үстел

        2025 жылғы 14 наурызда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының өкілдері ҚМДБ облыстық филиалымен және ҚПШ Қостанай Епархиясымен бірлесіп, облыс әкімі аппаратының «Адалдық алаңы»  кеңсесінде өткізілген заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмыс мәселелері бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

        Іс-шара барысында ойынға тәуелділіктің теріс салдары, телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желілерін пайдалану арқылы өткізілген құмар ойындарға және (немесе) ойын мекемелеріне, бұл үшін бөлінбеген орындарда немесе құмар ойындарда және (немесе) бәс тігулерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзуға жол бермеу, бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру талқыланды. Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимылдың 2024-2026 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру пункттері түсіндірілді.