2025 жылдың 12 наурызында Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Б.С.Бөкеевтің Қостанай және Рудный епархиясының хатшысы иеромонах Геннадиймен (Г.В. Бурдюжа) кездесуі өтті.
Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер, оның ішінде «Қостанай және Рудный епархиясының» қызметі және православие приходтары мен облыстың жергілікті атқарушы органдардың одан әрі ынтымақтастығы, православиелік объектілердің құрылысы туралы мәселелер, сондай ақ Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қостанай епархиясына алдағы архипастырлық сапары талқыланды.