2025 жылғы 27 ақпанда Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Сапарғали Әкімбекұлы Әбдиев және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Уәлиев «Өңірдегі діни ахуал және Рамазан айына дайындық мәселелері туралы» тақырыбындағы брифингке қатысты.
Брифинг барысында облыс аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, өңірдегі діни ахуалдың ағымдағы жағдайы мен даму үрдістері, сондай-ақ «Рамазан» айына орай мәселелер қамтылды.