«Кришна санасы қоғамы» ЖДБ өкілімен кездесу

«Кришна санасы қоғамы» ЖДБ өкілімен кездесу

        А.ж. 26 ақпанында Қостанай облысы әкімдігі жанындағы азаматтарды қабылдау орталығында Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Б.С.Бөкеевтің Қостанай қаласындағы «Кришна санасы қоғамы» ЖДБ өкілі Б.Г.Хасановпен кездесуі өтті.            

        Кездесу барысында мемлекеттік органның діни бірлестіктермен өзара іс-қимылы, діни бірлестіктер өкілдері мен келушілерінің дін саласындағы ҚР заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтауы, тұрақтылықты, толеранттылықты және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттары, сондай-ақ діни идеологияны, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды белгіленбеген орындарда таратуға және мәжбүрлеуге жол бермеу мәселелері талқыланды.