2025 жылдың 12 ақпанында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ барлық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері үшін халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.
Іс - шара аясында шақырылған спикер-психолог, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры, республикалық АТТ мүшесі Л.Шакимова өзінің сараптамалық пікірімен және практикалық ұсыныстарымен бөлісті. Өз сөзінде ол жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша жұмыстың тиімді әдістемелерін ұсынды.
Семинар ұйымдастырушыларының пікірінше, мұндай білім беру бастамалары АТТ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын нығайтуға және профилактика мәселелеріне кешенді көзқарасты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Іс-шараға ҰҚКД Терроризмге қарсы орталығының, Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері, облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларының өкілдері, сондай-ақ ЖОО және ТжКБ мамандары қатысты.
Л.Шакимованың «Айтмағамбет қажы Спанұлы» мешітінде профилактика субъектілерімен және оңалту жұмысына тартылған ҚМДБ өкілдерімен кездесуі қызықты күннің қорытындысы болды, онда біліктілік деңгейін арттыру мақсатында өзекті мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді.