Діни бірлестіктер өкілдері қатысуымен шеберлік класы

Діни бірлестіктер өкілдері қатысуымен шеберлік класы

        2024 жылғы 6 желтоқсанда Діни бірлестіктер көшбасшылары клубы аясында «Социум & Я» ҚБ (Қостанай қ.) Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы шеңберінде өңірдің діни бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «асық ату» ұлттық ойыны бойынша шеберлік класы ұйымдастырылды.

        Іс-шараның мақсаты: ұлттық ойындарды насихаттау, «асық ату» ойын ережелерімен таныстыру, конфессияаралық және қоғамдық келісімді, сондай-ақ қазақстандық бірегейлікті нығайту.

        Турнирге аймақтың ислами, православиелік, католиктік және протестанттық бағыттағы діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

        Іс-шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, шеберлік-класы ұйымдастырылғаны үшін алғыстарын білдірді.