Облыстың діни конфессиялары жетекшілерімен кездесу

Облыстың діни конфессиялары жетекшілерімен кездесу

        2024 жылғы 26 маусымда дін қайраткерлері жиналысы  (клубы) отырыстары аясында Қостанай облысы әкімдігіның дін істері жөніндегі басқарма басшысы Ерлан Олжабайұлы Теменовтың төрағалығымен өңірдің діни конфессияларының жетекшілерімен диалогтық алаң өтті.

        Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің жетекшісі Р.Ж.Мурзагалиев қатысты.

         Іс-шара барысында конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту, қоғамдағы толеранттылықты дамыту, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ету, сондай-ақ дін саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

         Басқарма басшысы Е.О. Теменов Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің декларациясында баяндалған негізгі қағидаттардың маңыздылығы мен өзектілігін этномәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстарға қарсы тұру және жол бермеу қажеттілігі жөнінде атап өтті.

         Диалогтық алаңға қатысушыларды қоғамдағы қауіпсіздік пен үйлесімділікті қамтамасыз етуге, дінаралық толеранттылықты, азаматтық бейбітшілікті, түрлі діндерге төзімділікті ілгерілету үшін рухани құндылықтардың маңыздылығы, әсіресе жастар арасында білім мен тәрбиенің рөлін арттыру, отбасы институтын нығайтудың маңыздылығы туралы, Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына атсалысу жөнінде ерекше назар аударды.

         Сонымен қатар, конфессия жетекшілеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрақтылықты нығайтуға және толеранттылықты дамытуға, бейбітшілікті сақтауға, қауым мен қоғам арасында адамгершілік құндылықтар мен моральдық бағдарларды ілгерілетуге қатысқаны үшін алғысын білдірді.

        ҚХА мүшесі Р.Ж. Мурзагалиев конфессияаралық және этносаралық келісімнің өзекті мәселелер туралы хабардар етті, діни ұйымдардың көшбасшыларын этносаралық араздық тілін еңсеру жөніндегі әдеп кодексімен және бірлік пен келісімге қатысты нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды, діни қызмет барысында көпмәдениеттілік нысанын пайдалану және қауымды бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағдарлауды ұсынды.

         Өз кезегінде діни бірлестіктердің өкілдері қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, қоғамдағы толеранттылықты нығайту мақсатында одан әрі сындарлы ынтымақтастық мәселелері, қоғамдағы тұрақтылық пен құру атмосферасына қол жеткізу үшін әр конфессияның рухани-адамгершілік дамуындағы рөлі бойынша пікір алмасты.