ҚР ІІМ Академиясындағы дөңгелек үстел

ҚР ІІМ Академиясындағы дөңгелек үстел

        2024 жылғы 2 мамырда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Е.О. Теменов БҰҰ ЕҚБ-мен ынтымақтастығы аясында  ҚР ІІМ Қостанай академиясының базасында өткізілген «Орталық Азияда пробация қызметін дамыту: сын-қатерлер пен перспективлара» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

        Дөңгеле үстел жұмысына Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасынан пробация институты саласында тәжірибе алмасу бойынша делегация қатысты.

        Іс-шара барысында Е.О. Теменов қылмыстық - атқару жүйесі мекемелерінде терроризм және діни экстремизм идеологиясын ұстанатын сотталғандар арасында өңірде жүргізіліп жатқан түсіндіру-профилактикалық және оңалту жұмыстары, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға, оның ішінде экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат берді.