Диаспора жетекшісімен кездесу

Диаспора  жетекшісімен кездесу

        2024 жылдың 23 сәуірінде Қостанай қаласының «Достық үйі» базасында Қостанай облысы әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Е.О. Теменовтың облыстық ҚХА мүшесі К.Х.Жақып және облыстық «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени орталығының басшысы Э.Э.Холметовтың қатысуымен Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Қазақ ұлттық-мәдени орталығы (қазақ диаспорасы) жетекшісі Серікбай Үсеновпен кездесуі өтті.

        Кездесу барысында конфессияаралық және ұлтаралық келісімді, рухани-адамгершілік құндылықтарды, этносаралық толеранттылықты нығайту және сақтау, жанжалды жағдайларға, діни экстремизмге және азаматтық қоғамдағы деструктивті діни идеологияларға жол бермеу мәселелері талқыланды.

        Облыстық ҚХА мүшелері қонаққа Ассамблеяның қызметі туралы, жастарды идеологиялық тәрбиелеу мәселелеріне көбірек көңіл бөлу туралы айтып, Достық үйі қоғамдық кездесулер мен талқылаулар өтетін, жаңа идеялар және бастамалар туатын қазіргі заманғы комунити-орталық болып табылатынын білдірді.

        Өзбекстан Республикасындағы қазақ диаспорасының жетекшісі С.Үсеновтың сапары аясында өңірге Ташкент қаласының Қазақ ҰМО атынан су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындарына азық-түлік, ауыз су және өнеркәсіптік тауарлар түрінде 10 тоннаға жуық көлемде гуманитарлық көмек көрсетілді.