Дінтану және тарих мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

Дінтану және тарих мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

         2023 жылғы 22 – 23 қарашада «Социум &Я» ҚБ (Қостанай қ.) Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында өңірдің жалпы білім беретін мектептерінің тарих және дінтану мұғалімдері үшін онлайн форматта екі күндік оқыту семинары ұйымдастырылды.

         Спикер ретінде экстремистік идеологияға қарсы іс - қимыл бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мамандарын даярлау орталығының оқытушы-әдіскері, облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Данияр Абенов сөз сөйледі.

         Іс-шара барысында спикер тыңдаушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын түсіндіріп, білім беру жүйесіндегі зайырлы қағидаттарын, оқушы ортасындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі практикалық аспектілерін, сондай-ақ жастарды террористік және экстремистік қызметке тарту технологияларын түсіндірді.

         Іс-шараға 140 адам қатысты.