Облыстық және өңірлік АТТ мүшелеріне, педагог-психологтарға және әлеуметтік педагогтарға арналған оқыту семинары

Облыстық және өңірлік АТТ мүшелеріне, педагог-психологтарға және әлеуметтік педагогтарға арналған оқыту семинары

         Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері жөніндегі комитетінің жобасы шеңберінде Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері 2023 жыл
 6-7 караша аралығында облыстық және өңірлік АТТ мүшелері, Қостанай облысының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтары үшін оқыту семинарын өткізді.

         Ақпараттық топтың құрамында ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігі жанындағы республикалық АТТ дінтанушылары, психологтары мен сарапшылары Б.А. Мырзаев, Л.С. Шакимова, М.Ш. Сейтқали, Т.Ж. Жақиянов бар.

         Семинардың мақсаты: халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысында мүшелердің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу, діни экстремизм идеяларының және деструктивті діни ағымдардың (ДДА) зияндылығының профилактикасы бойынша өңірлердің жергілікті тұрғындары үшін іс-шаралар өткізу ерекшеліктерін түсіндіру.

         Спикерлер семинарға қатысушыларды: «Қазақстан Республикасындағы радикалдық және экстремистік бағыттағы діни ағымдар және олардың белсенділігі туралы», «Жастар ортасында тәуекел тобын анықтау үшін профайлинг негіздерін қолдану», «ДДА адептерімен психокоррекциялық жұмыста қолданылатын жеке тұлғаны зерттеу әдістері», «ЭГО аурулары және оларды емдеу жолдары, жеке адамның өміріне балалық шақта алған жарақаттарының әсері», «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі мәселелер мен тенденциялар» тақырыптары бойынша хабардар етті.

        Семинарға қатысушылар саны 87 тыңдаушыны құрады.