2023 жылғы 18 қазанда «Қостанай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында Дін істері жөніндегі басқармасы дөңгелек үстел форматында діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге қатысушылар: Бедыч Евгений Сергеевич - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы, діни бірлестіктер мен ҮЕҰ-дың басшылары және өкілдері (барлығы 17 адам).
Іс-шара барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы-модератор Е. Теменов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тұжырымдамалық өзгерістер және жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарындағы басым бағыттар және облыс тұрғындары арасында парасаттылықты қалыптастыру туралы хабардар етті.
«№4 үлгілік базалық бағыт» жобасы шеңберінде Спикер Е. Бедыч іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметі туралы, мемлекеттік сатып алу, тұрғын үй құрылысы және т.б. саласындағы бұзушылықтарды анықтау туралы жеткізді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырды, оның шеңберінде діни бірлестіктердің қауымдарымен жұмыс жүргізу қажет.
Спикерлер бірауыздан, Заң алдында бәрі тең екенін атап өтті. Адам үшін негізгі профилактикалық, тежеуші фактор - өсиеттерді сақтау, олардың ар-ұжданы, қоғамдық айыптау және тәрбие болып табылады. Егер бұл негіздер қаланбаса, онда ешқандай толық бақылау, соның ішінде заманауи бақылау құралдарын қолдану көмектеспейді.
Діни бірлестіктердің өкілдері зайырлы заңдардың, діни канондар мен постулаттардың, жалпыадамзаттық құндылықтар мен моральдық-этикалық нормалардың сақталуы туралы өз пікірлерін білдірді.