2023 жылғы 18 қазанда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы өңірдің тіркелген діни бірлестіктері басшылары мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен Рухани келісім күніне орайластырылған диалог алаңының отырысын өткізді.
Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Е.О.Теменов кездесу қатысушыларын Рухани келісім күні мерекесімен құттықтап, мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып, діни бірлестіктер өкілдеріне ізгі тілектерін білдірді, конфессияаралық салада жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың маңыздылығын және әрбір конфессияның тұрақтылықты нығайтуға, өңірдің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті, сондай-ақ діни көшбасшыларға бірлескен жұмыс үшін алғысын білдірді.
Кездесу барысында қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, толеранттылықты дамыту, конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту мақсатында одан әрі сындарлы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ дін саласына қатысты өзекті проблемалық мәселелер талқыланды.
Диалог алаңы Қазақстан Республикасының Күні қарсаңында өтті. Қостанайлықтар, оның ішінде діни бірлестіктер өкілдерінің Тәуелсіздіктің қалыптасуы мен нығаюына, мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуына өз үлестерін қосқаныда атап өтілді.
Өз кезегінде діни бірлестіктердің өкілдері бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, өзара құттықтауларымен алмасты.