2023 жылғы 4-5 қыркүйекте ұлттық салт-дәстүрлерді, рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттауға және ілгерілетуге, қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған республикалық деңгейдегі теолог және психолог Нұрлан Байжігітұлымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
4 қыркүйекте өңір жастарымен кездесу өтті, оның барысында руханият, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, аға ұрпаққа құрмет, жақындарына жақсылық пен мейірімділік көрсету мәселелері еркін форматта талқыланды, сондай-ақ жастарды толғандыратын маңызды әлеуметтік тақырыптарға жауаптар берілді. Теологпен кездесуге 450-ден астам адам келді.
Іс-шара жастардың талқылау тақырыбына, спикерге, әңгімелесу форматы мен стиліне деген қызығушылығын арттырды, бұл мақсатты аудитория үшін түсінікті және қол жетімді болды.
Сол күні дін мәселелері бойынша облыстық және өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерімен кездесу өткізілді, іс-шара барысында өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, рухани құндылықтарды ілгерілетуге, патриотизм сезімін оятуға және т. б. бағытталған халықпен, оның ішінде жастармен түсіндіру-алдын алу жұмыстарын жүргізудің нысандары мен әдістері талқыланды.
5 қыркүйекте Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық мұражайында өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, онда қазақстан халқының бірлігі, қоғамдағы келісімді нығайту, толеранттылық және сындарлы диалогты дамыту бағытындағы қоғамдық қатынастар мәселелері талқыланды.