Қостанай облысына іс-сапармен Митрополит Александр келді

Қостанай облысына іс-сапармен Митрополит Александр келді

       2023 жылғы 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қостанай облысына сапары өтті, оның барысында Константин-Елена кафедралды соборына Қарағандық Севастианның белгішесі реликтермен әкелінді.

       1 маусымда митрополит Александр Епископ Тимон (Русанов) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығында өткен «Тимонов оқулары» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық теологиялық конференцияға қатысты.

       2 маусымда «ІІ Тимонов оқулары» секцияларының отырыстары және «Костанай Православный» фотокөрмесінің ашылуы өтті.

       Сондай-ақ, сапар аясында Қостанай қаласының Константин-Еленин соборы мен Свято-Никольский ғибадатханасында құдайлық литургиялар өткізілді.

       Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Е.Б. Қалмақов Митрополит Александрмен кездесіп, сапар аясында өткізілген іс-шараларға қатысты.