Денисов ауданының ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары және дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері үшін шеберлік-класс

Денисов ауданының ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары және дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері үшін шеберлік-класс

        2023 жылғы 23 мамырда Қостанай облысы әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы С. А. Әбдиев Денисов ауданының ауылдық округ әкімдерінің, ауылдық әкімдіктер мамандарының, учаскелік полиция инспекторларының және діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі АТТ мүшелерінің қатысуымен дін саласындағы жедел ақпараттандыру және ден қою мәселелері бойынша шеберлік класына қатысты.

        Іс-шара барысында С. Әбдиев дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын, ҚР діни қызмет туралы заңнамасының нормалары мен талаптарын түсіндірді, діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі практикалық аспектілерін, этносаралық және этносішілік қақтығыстар мен келіспеушіліктерге жол бермеуді, ҚР заңнамалық актілерін сақтау қажеттілігін, діни экстремизмнің қауіптілігін және адамдарды радикалды ағымдарға тарту әдістерін жеткізді, сондай-ақ, кездесуге қатысушылар интернетте және әлеуметтік желілерде діни білім алудың, сондай-ақ радикалды материалдарды орналастырудың, тыйым салынған интернет-ресурстарға барудың қауіптілігі туралы хабардар етілді.

        Дін саласындағы уәкілетті органның маманы ауылдық округ әкімінің және учаскелік полиция инспекторының даулы жағдайларда діни негізде немесе жалған діни негізде экстремизм белгілерінің көріністерінде іс-қимыл алгоритмін қатысушыларға жеткізді.

        Шеберлік-класс қорытындысы бойынша қатысушыларға «Дін саласының өзекті мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдеріне арналған жадынама» таратылды.