Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді

Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді

         2023 жылғы 7 сәуірде Қостанай облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан ауызашар берілді, оған денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларының өкілдері, қала кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ еңбек ардагерлері, ақсақалдар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды.

         Облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов жиналғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Мемлекет басшысының атынан беріліп отырған ауызашардың зор мәнін және туған елдің мәдениеті мен тарихын, ана тілі мен ата-баба дәстүрін құрметтейтін еліміздің нағыз патриот азаматтарын тәрбиелеуде ерекше орын алатынын, атап өтті.

         Рамазан айы мұсылмандар үшін ораза ғана емес, сонымен қатар рухани жетілу, ел бірлігін нығайту, ынтымақ, ізгілік пен мейірімділік мерекесі екенін атап өтті!

         Мемлекет басшысының атынан ауызашар республиканың барлық облыстарында, соның ішінде Ақордада өткізілді.

         Іс-шара қатысушыларда жағымды эмоциялар мен алғыс сөздерін тудырды.