Облыстың дәстүрлі діни конфессияларының жетекшілерімен кездесу

Облыстың дәстүрлі діни конфессияларының жетекшілерімен кездесу

         2023 жылғы 23 ақпанда Достық үйінде дін қайраткерлері клубының отырыстары аясында облыс әкімінің орынбасары Ринат Закиұлы Мұхаметқалиевтің төрағалығымен өңірдің дәстүрлі діни конфессияларының жетекшілерімен кездесу өтті.

         Іс-шара барысында конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту, қоғамдағы толеранттылықты дамыту, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ету, сондай-ақ дін саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

         Облыс әкімінің орынбасары Р.З. Мұхаметқалиев 2022 жылғы қыркүйекте өткен «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі» атты Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындысы бойынша қабылданған Декларацияда баяндалған негізгі қағидаттардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

         Съезге қатысушылардың этномәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстарға қарсы тұру және жол бермеу, қоғамдағы қауіпсіздік пен үйлесімділікті қамтамасыз ету, дінаралық толеранттылықты, азаматтық бейбітшілікті, түрлі діндерге төзімділікті ілгерілету үшін рухани құндылықтардың маңыздылығы, әсіресе жастар арасында білім мен тәрбиенің рөлін арттыру, отбасы институтын нығайтудың маңыздылығы туралы бірыңғай ұстанымына ерекше назар аударды.

         Сонымен қатар, конфессия жетекшілеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрақтылықты нығайтуға және толеранттылықты дамытуға, бейбітшілікті сақтауға, қауым мен қоғам арасында адамгершілік құндылықтар мен моральдық бағдарларды ілгерілетуге қатысқаны үшін алғысын білдірді.

         Өз кезегінде діни бірлестіктердің өкілдері қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, қоғамдағы толеранттылықты нығайту мақсатында одан әрі сындарлы ынтымақтастық мәселелері, қоғамдағы тұрақтылық пен құру атмосферасына қол жеткізу үшін әр конфессияның рухани-адамгершілік дамуындағы рөлі бойынша пікір алмасты.