Қостанай қаласы халқының әлеуметтік осал санаттары үшін бірлескен қайырымдылық акциясы

Қостанай қаласы халқының әлеуметтік осал санаттары үшін  бірлескен қайырымдылық акциясы

        2022 жылғы 26 желтоқсанда «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ-нің қолдауымен «Қазақстан Евангелиялық Сенімі Христиандар Одағы» ЗТБ (Заңды тұлғалар ұйымы) жалпы сомасы 1 028 165 теңгеге 100 азық-түлік пакеті түрінде мұқтаж отбасыларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

         «Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (Коммуналдық мемлекеттік мекемесі) арқылы мұқтаж отбасыларға 80 азық-түлік пакеті таратылды, қалған 20 азық-түлік пакеті «Благодать KST» қарттар үйіне берілді.

        Қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және жаңа жыл қарсаңында өткізілді.