«Марал ишан» мешітінің ашылуы

«Марал ишан» мешітінің ашылуы

         2022 жылғы 30 желтоқсанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін Әл-Фараби даңғылы, 44 мекенжайында орналасқан «Марал ишан» мешітінің салтанатты ашылуы өтті.

         Іс-шарада Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов құттықтау сөз сөйледі, ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алғашқы «жұма-намазды» өткізді.

         Мешіт ғимараты 1893 жылы салынған және облыстық маңызы бар тарихы мен мәдениет ескерткіші болып табылады. Қалпына келтіруден кейін мешіт ғимараты бастапқы келбетіне оралды.