Дінтану мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

Дінтану мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

         2022 жылғы 31 қазанда «Социум &Я» ҚБ (Қостанай қ.) Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында өңірдің жалпы білім беретін мектептерінің дінтану мұғалімдері үшін діни сауаттылықты арттыру бойынша оқыту семинары өтті.

         Спикер ретінде экстремистік идеологияға қарсы іс - қимыл жөніндегі қылмыстық-атқару жүйесі мамандарын даярлау орталығының басшысы, дін мәселелері жөніндегі республикалық және облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшесі Түйғанов Мырзабек Сардарбекұлы сөз сөйледі.

         Іс-шара барысында спикер тыңдаушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын түсіндіріп, білім беру жүйесіндегі зайырлы қағидаттарын, оқушы ортасындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі практикалық аспектілерін, сондай-ақ жастарды террористік және экстремистік қызметке тарту технологияларын түсіндірді.

         Іс-шараға 47 адам қатысты.