Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Қостанай облысына келді

Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Қостанай облысына келді

        2022 жылғы 19-20 қазан аралығында облысқа «Ислам зерттеулері орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, дінтану ғылымдарының PhD докторы Б.А. Мырзаев, Астана қ. «Діндерді зерттеу орталығының»  маманы О.В. Синяков және Көкшетау қ. «Насихат» кеңес беру - оңалту орталығының» теологы Д.Т. Байжигитов және «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ теологы А.Б. Нұғымановтың құрамындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) келді

         РАТТ мүшелері Қостанай қаласында, Әулиекөл ауданында және Б. Майлин атындағы ауданында деструктивті діни идеологияға тарту қауіпі бар халықтың нысаналы топтары: жастар, ЖОО студенттері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілері, дінтану мұғалімдері мен әлеуметтік педагогтар, еңбек ұжымдары, жұмыссыздар және азаматтардың әлеуметтік осал санаты, мешіттердің жамағаты, ҚАЖ сотталғандар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         Іс-шаралар діни-құқықтық сауаттылықты арттыруға және халық арасында радикалды және деструктивті діни идеологияның таралуын болдырмауға бағытталған.

         РАТТ қызметі аясында 20 қазанда Қостанай қаласының жалпы білім беретін мектептерінің дінтану мұғалімдеріне «Жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру: өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

         РАТТ қызметі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысы бойынша «Республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және өткізу» жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған.

         Іс-шаралармен жалпы қамту 275 адамды құрады.