Рухани келісім күні

Рухани келісім күні

2022 жылғы 18 қазанда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы өңірдің тіркелген діни бірлестіктері басшылары мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен Рухани келісім күніне орайластырылған диалог алаңының отырысын өткізді.

Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Ж.Ж. Үмбетов кездесу қатысушыларын Рухани келісім күні мерекесімен құттықтап, мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып, діни бірлестіктер өкілдеріне ізгі тілектерін білдірді, конфессияаралық салада жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың маңыздылығын және әрбір конфессияның тұрақтылықты нығайтуға, өңірдің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті, сондай-ақ діни көшбасшыларға бірлескен жұмыс үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар, іс-шарада ағымдағы жылғы 14-15 қыркүйекте Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің қорытындылары, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясында ресми құжат ретінде таратылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің қабылданған декларациясында делегаттар білдірген жалпы ұстанымдар мен қағидаттар талқыланды.

Кездесу барысында қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, толеранттылықты дамыту, конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту мақсатында одан әрі сындарлы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ дін саласына қатысты өзекті проблемалық мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде діни бірлестіктердің өкілдері бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, өзара құттықтауларымен алмасты.

Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар «Адвентисты седьмого дня» діни бірлестігінің салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс тәжірибесімен танысты.