Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін жүргізудің оң әсері

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін  жүргізудің оң әсері

Саяси әсер

1.Нұр-Сұлтан қаласында 2003, 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері (бұдан әрі - Съезд) Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды және Қазақстанның халықаралық деңгейге шығуы тұрғысынан алғанда маңызды мәнге ие болды.

 

  1. Съезд өркениеттер мен діндер диалогын жолға қою және дамыту саласында жұмыс істейтін көптеген ірі халықаралық форумдар тарапынан кеңінен танылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің үш онжылдығы шеңберінде Съездер жұмысын табысты және тиімді ұйымдастыру зайырлы мемлекетке, қазіргі дәуірдің неғұрлым өзекті және өткір проблемаларына барабар ден қоюға қабілетті кемелденген және қуатты ел ретінде оның халықаралық аренадағы беделін арттыруға елеулі саяси дивидендтер әкелді.

 

  1. Съезд Қазақстанның дінаралық және конфессияаралық үнқатысудың жаһандық процесіне қосқан елеулі үлесіне айналды және әлемдік қоғамдастықтың ел ішінде де, халықаралық аренада да келісім мен толеранттылық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайту жөніндегі күш-жігерінде ерекше орын алды.

 

4.VII Съезд Қазақстан әлемге мемлекет пен қоғам арасындағы толеранттылық, ашықтық, өзара құрмет және сенім идеяларына бейілділігін көрсететін жылдың басты халықаралық іс-шараларының бірі болады.

5.VII Съездің пленарлық және секциялық отырыстарының тақырыптары әр азаматты діни және этникалық тегіне қарамастан мазалайтын инфекциялық аурулар, халықаралық жанжалдар қаупіне ұшыраған қазіргі заманның өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға және оларды шешу бойынша тиісті ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

  1. Қазақстанда әртүрлі діни және саяси қайраткерлер қатысатын Съездің өткізілуі елдің саяси және экономикалық тұрғыдан тұрақты екендігінің қосымша дәлелі болып табылады. Бұл ереже Қазақстанның діни сенім бостандығы жоғары деңгейдегі елдер рейтингінде көтерілуіне оң әсер етеді.

Бұдан басқа, бұл АҚШ-тың «Әлем елдеріндегі діни сенім бостандығы туралы» жыл сайынғы баяндамасына сәйкес Қазақстанды ерекше бақылау елдерінің тізімінен шығару бойынша қосымша фактор болып табылады.

 

Имидждік әсер

  1. Рим Папасы Францисктің VII съезд жұмысына қатысуы бүкіл республика мен Азия елдерінде оң қоғамдық резонанс тудырады. Рим папасының мессасына қажылар елдің және әлемнің басқа қалаларынан келеді деп күтілуде. Бұл оқиға елордада және жалпы Қазақстанда туристік индустрия мен бизнестің дамуына оң әсер етеді.

 

2.Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі Қазақстанның халықаралық деңгейде оң ақпараттық-имидждік әсеріне ие болады. Съездің және оның секциялық отырыстарының YouTube-каналында және басқа да әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілімін ұйымдастыру жоспарлануда.

 

Экономикалық әсер

  1. Қазақстан өзінің саяси және экономикалық тұрақтылығын әлемдік деңгейде көрсететінін назарға ала отырып, бұл ел экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға қызмет етуі мүмкін.

 

  1. Рим Папасы Францисктің сапары кезінде қажылардың еліміздің және әлемнің басқа қалаларынан келуі күтілетінін назарға ала отырып, отандық тауар өндірушілердің өнімдері танымал болады, бұл бюджетке қаржы қаражатының түсуіне оң әсер етеді.

 

Идеологиялық әсер

1.Съезд әлемдік діндер көшбасшылары мен ірі саяси қайраткерлердің бір-бірін тікелей тыңдап, ести алуы үшін олардың нәтижелі кездесулері мен коммуникациялық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; әлемдік діндердің бай рухани мұрасын және өркениеттердің ортақ тарихи тәжірибесін адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлін айқындау үшін пайдаланады.

 

  1. Қатысушылары әртүрлі дүниетанымдардың, принциптердің, менталитеттің өкілдері болып табылатын Съезді жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу – өте күрделі міндет.

Съездердің өтуі, қатысушылар арасындағы ынтымақтастық пен қарым – қатынастың тиімді тетіктері құрылып, жолға қойылуы-бұл, сөзсіз, елеулі жетістік.

Съезд бірегей диалог алаңын ұйымдастыруға, рухани көшбасшылардың бір-біріне қол созуға деген ерлігіне ықпал етеді.

Шынында да, Съезде кейде әртүрлі діни көзқарастар мен мәдени аспектілермен ғана емес, сонымен бірге олар азаматтары болып табылатын мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылық жылдарымен бөлісетін адамдар бар.

Бұл съездің ерекшелігі - қажырлы, нәзік жұмыстың арқасында әртүрлі көзқарастардың өкілдері диалог жүргізіп, пікір алмасып, бір-бірін тыңдап қана қоймай, бір-бірін де естиді.