2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі өтеді.

2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі өтеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің басты тақырыбы: «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі».

VII Съездің секциялық отырыстарының тақырыптары:

№1 Секция: «Қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы діндердің рөлі».

№2 Секция: «Діндер мен мәдениеттердің, әділеттілік пен бейбітшіліктің құрметті қатар өмір сүруін нығайтудағы білім мен діни ағартудың рөлі».

№3 Секция: «Діни лидерлер мен саясаткерлердің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге, әсіресе діни негізде қарсы тұруға қосқан үлесі».

№4 Секция: «Әйелдің әл-ауқатқа және қоғамның тұрақты дамуына қосқан үлесі және әйелдің әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы діни қоғамдастықтардың рөлі».

Съез жұмысына ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, буддизм, зороастризм, индуизм және басқа діндердің өкілдері қатысады.Жетінші Съезге Рим Папасы Франциск, сондай-ақ жетекші діни ұйымдардың делегациялары мен мемлекет өкілдері қатысады

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізудің оң әсері:

  1. 2003, 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері (бұдан әрі - Съезд) Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды және Қазақстанның халықаралық деңгейге шығуы тұрғысынан алғанда маңызды мәнге ие болды.

2.Съез өркениеттер мен діндер диалогын жолға қою және дамыту саласында жұмыс істейтін көптеген ірі халықаралық форумдар тарапынан кеңінен танылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің үш онжылдығы шеңберінде Съездер жұмысын табысты және тиімді ұйымдастыру зайырлы мемлекетке, қазіргі дәуірдің неғұрлым өзекті және өткір проблемаларына барабар ден қоюға қабілетті кемелденген және қуатты ел ретінде оның халықаралық аренадағы беделін арттыруға елеулі саяси дивидендтер әкелді.

  1. 3. Съез Қазақстанның дінаралық және конфессияаралық диалогтың жаһандық процесіне қосқан елеулі үлеске айналды және әлемдік қоғамдастықтың ел ішінде де, халықаралық аренада да келісім мен толеранттылық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайту жөніндегі күш-жігерінде ерекше орын алды.

4.VII Съез жылдың басты халықаралық іс-шараларының бірі болады, онда Қазақстан әлемге мемлекет пен қоғам арасындағы толеранттылық, ашықтық, өзара құрмет және сенім идеяларына бейілділігін көрсетеді.

  1. VII Съездің пленарлық және секциялық отырыстарының тақырыбы қазіргі заманның өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді, онда әр азаматты діни және этникалық тегіне қарамастан мазалайтын инфекциялық аурулар, халықаралық жанжалдар қаупіне ұшыраған қазіргі заманның өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға және оларды шешу бойынша тиісті ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.
  2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі Қазақстанның халықаралық деңгейде оң ақпараттық-имидждік әсеріне ие болады.Съездің және оның секциялық отырыстарының YouTube-каналында және басқа да әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілімін ұйымдастыру жоспарлануда.
  3. Қазақстан өзінің саяси және экономикалық тұрақтылығын әлемдік деңгейде көрсететінін назарға ала отырып, бұл ел экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуғамүмкіндік бере алады.
  4. Съезәлемдік діндер лидерлері мен ірі саяси қайраткерлердің бір-бірін тікелей тыңдап, ести алуы үшін олардың нәтижелі кездесулері мен коммуникациялық өзара іс-қимылын; әлемдік діндердің бай рухани мұрасын және өркениеттердің ортақ тарихи тәжірибесін адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлін айқындау үшінпайдалануды қамтамасыз етеді.
  5. Қатысушылар әртүрлі дүниетаным, негіздер, менталитет өкілдері болып табылатын Съезді жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу – аса күрделі міндет.

Ал Съездердің өткізілуі, қатысушылар арасындағы ынтымақтастық пен байланыстың тиімді тетіктері жасалып, жолға қойылуы, әрине, айтарлықтай жетістік.

Съез бірегей диалог алаңын ұйымдастыруға, рухани лидерлердің бір-біріне қол созуға деген ерлігіне ықпал етті.

Шынын мәнінде, Съезде әртүрлі діни көзқарастар мен мәдени аспектілерді ғана емес, кейде мемлекеттер арасындағы қарама-қарйшылық болған жылдарымен сол елдің азаматы ретінде бөлісетін адамдар болады.

Нәзік тақырыптағы қажырлы да салиқалы жұмыстың арқасында әртүрлі көзқарас өкілдері диалог жүргізіп, пікір алмасып, бір-бірін тыңдап қана қоймай, бір-бірін де естиді – міне Съездің ерекшелігі де осында.