Облыстың қылмыстық-атқару жүйесінің теологиялық қызметтерінің қызметкерлеріне арналған оқыту семинары

Облыстың қылмыстық-атқару жүйесінің теологиялық  қызметтерінің қызметкерлеріне арналған оқыту семинары

         2022 жылғы 28 маусымда Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде теологиялық және оңалту жұмыстарына тартылған қызметкерлер, психологтар мен облыстық ҚАЖ мекемелерінің жедел қызметкерлері үшін оқыту семинары өтті.

         Спикер ретінде ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция майоры М.С. Туйғанов «Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды радикалданудың алдын алудың заманауи тәсілдері» біліктілігін арттыру тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

         Семинар барысында қатысушыларға өзекті сұрақтар қоюға, тәрбие аппараты қызметкерлерінің қызметіндегі құқықтық, әлеуметтік-психологиялық сипаттағы проблемалық мәселелерді талқылауға мүмкіндік берілді. Экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.