Қостанай облысына Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай Қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен келді

Қостанай облысына Қазақстанның Бас мүфтиі  Наурызбай Қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен келді

Қостанай облысына Қазақстанның Бас мүфтиі

Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен келді

 

       2022 жылғы 23-24 маусым аралығында Қостанай облысына Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен келді.

Іс-сапар аясында Қазақстанның Бас мүфтиі бірқатар іс-шараларға қатысты:

  • Бас мүфтидің атынан 100 00 теңге сыйлық 5 мұқтаж кісіге;
  • Бас мүфтидің 5 БАҚ өкіліне сыйлығы;
  • «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 5 пәтер кілтін салтанатты табыстау;
  • 5 шағын бизнес өкілдеріне «Халал даму сертификатын салтанатты табыстау»;
  • облыстық мешіттің «Таза бұлақ» медия орталығының ашылуы.

         Сапар барысында Бас мүфти Ы.Алтынсарин кесенесіне, Қостанай қалалық мешітінің жанындағы «Қамқор-Шапағат» қорына барды, құрылысы 2024 жылы аяқтау жоспарланып отырған Қостанай ауданының Заречный кентіндегі жаңа мешіт құрылысының жобасымен танысып, оның іргетасын қалады. ҚМДБ төрағасы мешіт Діни басқарма бекіткен ережелеріне сәйкес қазақ стилінде салынатынын атап өтті.

         23 маусымда Бас мүфтидің қатысуымен «Ислам - ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында «Бейбітшілік пен келісім – Қастерлі ұғым» тақырыбында конференциясы өтті.

         Конференцияға 150-ден астам адам қатысты: мүфтият өкілдері, облыстың қалалары мен аудандарындағы ҚМДБ филиалдарының бас имамдары мен дін қызметшілері, құрметті ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері, ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары мен диаспоралар ақсақалдары, БАҚ және т.б.

         Іс-шара барысында конфессияаралық және конфессияішілік келісімді нығайту, қоғамдағы бірлік, толеранттылық қағидаттарын дамыту және қайырымдылық көрсету мәселелері талқыланды.

         Сол күні Бас мүфти ҚМДБ филиалдарының қызметіндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін облыс әкімі А.Б. Мұхамбетовпен кездесті, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандары мешіттерінің имамдарымен жұмыс бабындағы кеңес өткізді.